Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтауға барды

0
680

Президент Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады.


Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтауға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Президент мұнда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады", - деп жазды Берік Уәли.