Мемлекет қаржысын жымқырған мектеп директорына қатысты сот үкімі шықты

0
112

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Мемлекет қаржысын жымқырған мектеп директорына қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Жетісу облысында Сарқан аудандық соты мектеп директорына қатысты (ҚК 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағы ) қылмыстық істі қарады. Айыпталушы өмірбойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді, деп жазады inbusiness.kz.




Сарқан аудандық сотының дерегінше, 2024 жылдың 1-наурызынан бастап мектеп директоры Р-ды кітапханашы және мемлекеттік мекеменің менеджері лауазымына тағайындаған. Наурыздан маусым айына дейін Р. менеджерлігі үшін алатын 40 мың теңге еңбекақысын Б.-ның келінінің шотына аударып отырған. Ал бұл қаражатты Б. өз қажетіне жұмсаған.

“ Істі қарау барысында аудан прокуроры мен айыпталушы арасында, жәбірленуші өкілінің келісімімен, ҚР ҚПК 616-бабы тәртібінде кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды. Сот прокурор ұсынған жаза түрі мен көлемін, айыпталушының жеке басын, келтірілген залалдың өтелгенін, жәбірленуші өкілінің жазаның мөлшеріне қатысты пікірін ескере отырып, Б.-ны ҚК 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған ұрланған мүлік құнының 10 есе мөлшерінде 1 900 000 теңге көлемінде айыппұл салу және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады, “”– деді Сарқан аудандық соты.