Мемлекеттен жасалып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізу керек - Президент Бекболат Тілеуханды қабылдады

0
969

Депутат Бекболат Тілеухан рухани саланы дамытуға, оның ішінде "Абай жылын" атап өтуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.


Мемлекеттен жасалып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізу керек - Президент Бекболат Тілеуханды қабылдады

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханды қабылдады, деп жазады tengrinews.kz.

Кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты жою, жемқорлықты ауыздықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдарды халыққа жеткізу, түсіндіру мәселелеріне мән беру керектігін айтты.

Депутат Бекболат Тілеухан рухани саланы дамытуға, оның ішінде "Абай жылын" атап өтуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.