Мемлекеттік Думада Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық шарты қаралады

0
2 197

Заң жобасына 2020 жылдың 16 қазанында Нұр-Сұлтанда қол қойылған.


Мемлекеттік Думада Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық шарты қаралады

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен РФ арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын Мемлекеттік Думаға енгізді, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат Мемлекеттік Думаның деректер базасында жарияланған. Шартқа сәйкес Қазақстан мен Ресей әскери ынтымақтастықтың төмендегі бағыттарын бірігіп жүзеге асырады:

- тараптардың бірі жүгінген жағдайда қауіпсіздік мүддесі үшін әскерлер мен күштерді қолдануды бірлесіп жоспарлау;

- өңірлік қауіпсіздіктегі сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы бірлесіп іс-қимыл жүргізу;

- жедел және жауынгерлік дайындық;

- әскери білім және ғылым;

- бітімгершілік қызмет;

- әскерлер мен күштердің қызметі және оларды жан-жақты қамтамасыз ету және тағы басқа бағыттар.

Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей әскери барлау саласында ынтымақтасады, әрі екінші тарапқа қарсы бағытталған барлау қызметін жүргізбеуге міндетті болып саналады. Қос тарап өз аумағын үшінші тараптың пайдалануына жол бермейді. Яғни ол екінші тарапқа қарсы қызметті жүзеге асырған кезде.

Тараптардың бірінің «қауіпсіздігіне, тәуелсіздігіне немесе аумақтық тұтастығына» қатер төнген жағдайда Қазақстан мен Ресей бір-біріне көмектеседі. Оның ішінде әскери көмек те бар. Әскери келісімде бірлескен штабтық келіссөздер мен консультациялар, оқу-жаттығулар, конференциялар мен семинарлар өткізу, әскери кадрларды даярлау қарастырылған.

Шарттың қолданылу мерзімі – 10 жыл. Келісімшарт бойынша уәкілетті орган Ресей тарапынан Қорғаныс министрлігі болып саналады. Ондағы талаптарды орындау үшін РФ федералды бюджетінен қосымша қаражат бөлінбейді.