Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға бөлінген гранттар саны анықталды

0
567

Тізім 7 тамызда жарияланады.


Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға бөлінген гранттар саны анықталды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға жыл сайын магистратура бағдарламаларына 120 грант, докторантура бағдарламаларына 12 грант бөлінеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еліміздегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау кезеңі аяқталды.

2023-2024 жылдарға құжат қабылдау 3 сәуірден бастап 29 маусымға дейін admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді. Жүйеге барлығы 1410 адам тіркелді, 890 адам конкурсқа жіберілді, олардың ішінде 855-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін конкурсқа түседі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратура бағдармалары бойынша конкурсқа жіберілгендер саны:

  • «Мемлекеттік саясат» – 295;
  • «Өңірлік даму» – 221;
  • «Адами ресурстарды басқару» – 134;
  • «Экономика» – 104;
  • «Мемлекеттік басқару» – 63;
  • «Халықаралық қатынастар» – 11.

Докторантура бағдарламалары бойынша конкурсқа жіберілгендер саны:

  • «Экономика» – 3;
  • «Халықаралық қатынастар» – 5;
  • «Мемлекеттік басқару» – 19 үміткер.

Академияда оқуға құжат тапсырғандардың басым бөлігі – жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер.

  • Жергілікті атқарушы органдар – 452;
  • Орталық мемлекеттік органдар – 213;
  • ОМО аумақтық бөлімшелері – 175;
  • Жергілікті өкілді органдар – 15.

Қабылдау комиссиясының шешімімен гранттар келесідей бөлінді:

магистратура бағдарламалары бойынша:

  • «Мемлекеттік саясат» – 35;
  • «Өңірлік даму» – 26;
  • «Адами ресурстарды басқару» – 16;
  • «Экономика» – 15;
  • «Мемлекеттік басқару» – 21;
  • «Халықаралық қатынастар» – 7.

докторантура бағдарламалары бойынша:

  • «Экономика» – 1;
  • «Халықаралық қатынастар» – 2;
  • «Мемлекеттік басқару» – 9.

Конкурстық іріктеу докторантураға үш кезеңнен, ал магистратураға екі кезеңнен тұрады:

1) «Зерттеу жұмысы жоспарының жобасы» 5-14 шілде (тек докторантураға құжатты тапсырғандар үшін);

2) «Аналитикалық эссе» жазу кезеңі 5-14 шілде;

3) «Сұхбаттасу» 17-31 шілде аралығында жүргізіледі.

Оқуға алдын ала қабылданған үміткерлер тізімі 7 тамызда жарияланады. Үміткер, оқуға жіберген мемлекеттік орган және Академия арасындағы үш жақты келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 18 тамызда оқуға қабылданғандардың қорытынды тізімі бұйрықпен бекітіледі.