«Шок жаңалық» деген белгісіз біреулер Димаш Құдайбергеннің қаза болғаны жайлы жазған.
фото russian.china.org.cn
Димаш өзінің өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Бандитский топ болған соң жазып отырмыз. Шоқ жаңалық» деген белгісіз біреулер Димаш Құдайбергеннің қаза болғаны жайлы жазған. Олар қанға боялған көліктің суретін салып, көпшілікке хабарлаған.
Танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген өзінің өлімі туралы желідегі жалған ақпаратты жоққа шығарды.
Әнші Instagram парақшасында желідегі ақпараттың скриншотын жариялаған. Онда қанға боялған көлік суретінің астында Димаштың қазасы туралы айтылыпты.
"Оларға сенбеңіздер)Мен тірімін. Туыстарым мұны интернеттен кездейсоқ көріп қалса қиналады. Баршаңызға бақыт тілмеймін. Енді бұлай жасамаңыздар, достар", - деп жазды Димаш.
Оны оқыған қолдаушылары суық хабар таратқандарды даттап, Димашқа амандық тіледі.