"Мені жеңу оңай емес": Ауыр дертпен күресіп жатқан Мұрат Бисембин мәлімдеме жасады

0
546

Өнер иесі ауыр дертті жеңіп шығатынын айтып, оқырмандарына алғыс білдірді.


Фото: https://www.instagram.com/murat_bissenbin/

ERNUR.KZ. Қатерлі ісікке шалдыққан отандық киножұлдыз, көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин ел алдына шықты, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі ауыр дертті жеңіп шығатынын айтып, оқырмандарына алғыс білдірді.

“Мені жеңу оңай емес. Міндетті түрде бәрін еңсеремін. Маған моральды және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан барша жанға рақмет! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Шексіз алғыс", – деді актер.

Айта кетейік, актердің әріптесі Саят Исембаев емге қажет сумманы халықтан жинап беруді жөн көрген еді.

“Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Әріптесіміз Мұрат Бисембин ауырып қалды. Бәріңіз оны "Рэкетир" фильмі арқылы жақсы танисыздар. Фильмде ол Руслан болып ойнаған. Өкінішке қарай, одан қатерлі ісік табылды, қазір ем қабылдап жатыр. Еңсесін түсірген жоқ. Мұратта бәрі жақсы болады, әлі-ақ айығып кетеді. Көмек қолын созам деушілер болса, жеке есепшотын қалдырамын”, – деп жазған еді Саят Исембаев.