Меркідегі 3 баланың өлімі: үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

0
152

​Темірден жасалған пеш техникалық қадағалаудан өтпеген


Меркідегі 3 баланың өлімі: үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Меркі ауданында балалардың газдан уланып, қайтыс болуына қолдан жасалған пештің істен шығуы себеп болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға орнына барған мамандар құрылғы қазандығында ақау барын анықтады.

Темірден жасалған пеш техникалық қадағалаудан өтпеген. Тіпті оның құжаты да болмай шықты. Салдарынан қолдан жасалған қазандықтағы газ жанбай, үй ішіне тараған.

«Енді жер үйді жалға берген иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін», - деп хабарлады телеарна.

Еске салайық, оқыс оқиға кешке кешкісін Сарымолдаев ауылында болды. Баспананы жалдап тұрған жалғызбасты ана таңертең 3, 5 және 7 жастағы қызын үйде жалғыз қалдырған.