Металл сынықтарын басқа елге шығаруға тыйым салынады

0
812

Алты айға тыйым салынуға дайындық жүргізіліп жатыр.


Металл сынықтарын басқа елге шығаруға тыйым салынады

ERNUR.KZ. Қазақстанда металл сынықтарын экспорттауға алты айға тыйым салынуға дайындық жүргізіліп жатыр, деп жазады kaz.orda.kz

«Тыйым салу: алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын (…), пайдаланылған қорғасын батареяларын, қалдықтар мен сынықтарды, батареялар (…); қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын (…), құбырларды, рельстерді, темір жол жолдары мен жылжымалы құрам элементтерін автомобиль және теңіз көлігімен Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығы жобасында.
Олар жөндеу үшін Қазақстан аумағына әкелінетін және кері әкетілетін, сонымен қатар жөндеу үшін Қазақстан аумағынан әкетілетін және автомобиль көлігімен кері әкелінетін жылжымалы құрамның пайдаланылған элементтерін алып тастауды көздеп отыр.