Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирустың әлемде таралып жатқаны туралы соңғы жаңалықтарға байланысты түсініктеме берді.
фото:Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі жіті респираторлық вирустық инфекциялардың қатарына жататын метапневмовирус Қазақстанда да анықталғанын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және кей жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі.
Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу процедурасы жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.
"Адам метапневмовирусы – көптеген елде ондаған жыл бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандар саны өсіп жатыр.
Еске сала кетейік, Қытайда белгісіз вирус тарап, аурухана біткен науқастарға толып кеткені туралы ақпарат тараған еді.