Министр "42 500 теңге алғаны үшін соттайды" деген әңгімеге жауап берді

0
3 364

Министр бәрін дұрыс жасағандарды тексермейтіндігін айтты.


Министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алған үшін соттайды екен деген әңгімеге жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Нұрымбетов біраз заңгер алаяқтық жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы мақала, жазба жариялап жатқанын, оны 42500 теңгемен байланыстырғанын атап өтті.

"Заңгерлер болғансоң заңды бізден артық біледі ғой. Олардікі дұрыс та шығар, бірақ бұл тек алаяқтарға қатысты.
Сіз ондай емессіз ғой. Сіз ешкімді алдаған жоқсыз.
Мен брифингтерімде, жазбаларымда айтқандай, өздеріңіз үшін - “мен жұмыс, тіршілік жасап (ресми, бейресми), ақша тауып жүр едім, енді төтенше жағдайға қатысты сол табыстан айырылдым” деп шештіңіздер ма? Кейін, мен ескерткендей, өтініш бергенде порталда төмендегі жазбаны тағыда оқып, растап, сөйтіп барып өтінішті жібердіңіз ба? Ондай болса - Сіз айттыңыз, біз сендік. Сіз алдаған жоқсыз. Біз тағайындадық, төледік.
Сол үшін кінәлайды деп еш уайымдамаңыздар", - деді министр.
Министр бәрін дұрыс жасаған болсаңыздар, үйді аралап ешкім тексермейтіндігін айтты. Сонымен қатар, бұл әңгіменің қайдан шыққанын да жазған.
"Соңғы брифингте, бір жүрналист маған - мен жұмыс істеп, тұрақты жалақы алып жүрген адам 42500 теңге алғанын білемін, оны қалай өткізіп алдыңыз деп сұрады.
Мен оған, біз өтініш беру тәртібін, халықтың сұрауы, талабы бойынша барынша қарапайымдаттық, жұмысберуші өтінішінде қызметкерлерімді ақысыз демалысқа жібердім деп көрсетті, біз оған сендік. Ал олай болмаса, жұмыс беруші жауап береді, оны біз кейін тексеріп аламыз деп жауап қайтардым.
Брифингті көргендер растайтын шығар", - деді Біржан Нұрымбетов.
Нұрымбетов өтініш берген халықты, үйлерін аралап тексермейтіндігін де айтып өтті.
"Халық 42500-ге өтініштерін еріккеннен беріп отырған жоқ. Төтенше жағдай болмасада басым халықтың табысы аз. Жалақы төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан біз қарапайым таза халықты артынша тексеріп жатпаймыз", деді ол.