​Министр А.Умаров Қазақстандағы "Internews Network" өкілдерімен кездесті

0
628

Кездесу барысында медиа саласының мамандарын оқыту, ақпаратқа қол жеткізу, медиасауаттылық және медиаэтика саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.


​Министр А.Умаров Қазақстандағы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Қазақстандағы "Internews Network" өкілдігімен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесуге өкілдік директоры Марат Бигалиев, медиасауаттылық жөніндегі өңірлік кеңесші Гүлнар Асанбаева, медиақұқық жөніндегі өңірлік кеңесші Ольга Диденко, сондай-ақ Министрліктің ақпарат саласы мәселелеріне жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында медиа саласының мамандарын оқыту, ақпаратқа қол жеткізу, медиасауаттылық және медиаэтика саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірісті.