Министр бірнеше жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге қатысты пікір білдірді

0
162

Бүгінде мемлекеттік емханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер пациенттерді жеке меншік клиникаларға да жіберіп жатады. Себебі өздері сонда істейді.


Министр бірнеше жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге қатысты пікір білдірді

фото: Пресс-служба Северо-Казахстанкой областной больницы

ERNUR.KZ. Денсаулықс сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірнеше жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде мемлекеттік емханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер пациенттерді жеке меншік клиникаларға да жіберіп жатады. Себебі өздері сонда істейді. Министрдің айтуынша, бүгінде "бұл өте маңызды мәселе" болып тұр.
"Өкінішке қарай, қазір бізде ресурстарды басқару жүйесі дұрыс жолға қойылмаған. Соның салдарынан біз дәрігердің нақты қандай клиникада жұмыс істеп жүргенін білмейміз. Ол бір уақытта төрт-бес жерде істеуі мүмкін. Әзірше, бізде оны бақылау жолдары жоқ. Бірақ ресурстарды басқару жүйесін іске асырғаннан кейін біз әрбір дәрігердің жүктемесін көре аламыз. Ол жүктеме физикалық мүмкіндіктеріне, жұмыс уақытына сай ма, соның бәрін білетін боламыз", - деді Әлназарова.
Министр дәрігерлерді табыс табу жағынан шектеу керек емес деп санайды.
"Егер адам 24 сағаттың ішінде өзінің жұмыс кестесіне сай қызмет етсе, шектеудің қажеті жоқ. Дәрігер неғұрлым жақсы жұмыс істесе, соғұрлым жалақысы да жоғары болады. Біз жалақының жоғары болғанын қалаймыз", - деп атап көрсетті Әлназарова.