Министр екі елмен шекарада коронавирусқа қарсы тексеріс неге жүргізілмейтінін айтты

0
755

Министр коронавирустың инкубациялық мерзімі он төрт күн екенін айтты. Егер бастапқы кезеңде ауру белгілері байқалмаса, он күннен кейін міндетті түрде сезіле бастайды.


Министр екі елмен шекарада коронавирусқа қарсы тексеріс неге жүргізілмейтінін айтты

ERNUR.KZ. Қазақстан Ресей және Қырғызстанмен шекарадағы автокөлік өткізу пунктерінде азаматтарды тепловизормен тексеріп жатқан жоқ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұған қажеттілік жоқ екенін айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"ЕАЭО келісімшарты бойынша біз Қырғызстан және Ресеймен шекараны бақыламаймыз. Ол жерде тек шекарашылар бар. Қырғызстан мен Ресей ахуалы қолайсыз елдерге жатпайды, сол себепті күшейтілген санитарлық бақылау жүргізудің қажеті жоқ", - деп түсіндірді Біртанов үкімет кулуарында.
Десе де, ол Қазақстан Ресей және Қырғызстанмен кеден бекеттерінде санитарлық мамандар жұмыс істеп жатқанын айтты.
"Тепловизорлармен тексеруге қажеттілік жоқ", - деді министр.
Біртанов дәрігерлерге потенциалды пациенттерді шекарадан гөрі үйде бақылаған тиімді екенін айтты.
Министрдің сөзінше, коронавирустың инкубациялық мерзімі он төрт күн. Егер бастапқы кезеңде ауру белгілері байқалмаса, он күннен кейін міндетті түрде сезіле бастайды.