Министр Қазақстанға DDoS-шабуылдар шетелден жасалып жатқанын айтты

0
501

Ол өзі басқаратын министрлік ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратынын айтты.


Министр Қазақстанға DDoS-шабуылдар шетелден жасалып жатқанын айтты

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға жасалып жатқан DdoS-шабуылдарға қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.

Ол соңғы аптада Қазақтандағы ақпарат жүйелеріне жасалып жатқан DdoS-шабуылдардан елімізде интернет жылдамдығы төмендегенін атап өтті.
"Осы шабуылдарға байланысты мемлекеттің ресми ресурстары мен интернет желілеріне белгілі бір жүктеме түсіп отыр. Ішкі контурдан шабуылдар сыртқыға қарағанда әлдеқайда айқынырақ. Сол себепті бұл сыртқы контурдан, яғни Қазақстаннан тыс жасалып отырған шабуылдар екені анық", - деді Мусин үкімет кулуарында.
Ол өзі басқаратын министрлік ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратынын айтты. Ал шабуылдарды, олардың себебі мен салдарын жоюмен Мемлекеттік техникалық қызмет айналысады.
"Оларда шабуылдарға тойтарыс беру үшін барлық құрал мен ресурс бар. DDoS-шабуыл қайдан жасалып жатқаны, мұның артында қандай ұйым тұрғаны туралы бізде ақпарат жоқ. Бұл шабуылдарды ұйымдастыратындар прокси-серверлерді, VPN-серверлерді пайдаланады, өзгелердің атын жамылуға тырысады. Белгілі бір тетіктері бар", - деді министр.
Қыркүйек айының соңында Мемлекеттік техникалық қызмет бірнеше күннен бері қазақстандық интернет сегментіне кибер шабуылдар жасалып жатқанын хабарлады. Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына және Қазнетті инфрақұрылымына бағытталған.
Кибер шабуыл салдарынан интернет байланысының нашарлауы байқалды. "Мемлекеттік техикалық қызмет" АҚ кибершабуылдар әлемдегі және елдегі оқиғалармен байланысты деп топшылаған болатын.