Министр: Қазақстанның экономикасы доллар бағамына тәуелді емес

0
1 416

Министрдің айтуынша, халық тауарлардың бағасын көбіне теңгемен есептейтін болған.


Министр: Қазақстанның экономикасы доллар бағамына тәуелді емес

фото: novosti-dny.com

ERNUR.KZ. Қазақстанның экономикасы доллар бағамына тәуелді емес. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысынан кейін айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Сіздер көріп отырсыздар, дедолларландыру бізде сәтті өтті. Әрине, мұның барлығы бір сәтте болып кетуі мүмкін емес. Бірақ біз өзіндік өндірісімізді арттырдық, әсіресе, өндірістік тауарларды. Біз валюта бағамына тәуелді емеспіз", - деді министр.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, халық тауарлардың бағасын көбіне теңгемен есептейтін болған.

Айта кетейік, KASE қор биржасының 3 шілдедегі таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 342,97 теңгеге тең болды. Астана уақыты бойынша сағат 11.35 -те Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 77,7 доллар болды.