Министр коронавирус өршіп тұрған 7 өңірді атады

0
715

Бұл өңірлерде өсім 5 пайызды көрсетіп тұр.


Министр коронавирус өршіп тұрған 7 өңірді атады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның 7 өңірінде коронавирус өршіп тұрғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Біртанов соңғы екі аптада ТЖ режимі аяқталғаннан бері Қазақстанда 3,5 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталғанын айтты. Оның айтуынша, бұл өңірлерде өсім 5 пайызды көрсетіп тұр.

"Кей өңірлерде көрсеткіш жоғары. Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Түркістан облыстарында, БҚО-да және Шымкент қаласында коронавирус өршіп тұр", - деді денсаулық сақтау министрі.

Біртанов мұны кәсіпорындарда ұжым арасында науқастардың көбеюімен байланыстырып отыр.