Бүгінде Қазақстанда 3601 мешіттің 84-і қаңырап бос тұр. Бұл процесті жүйеге келтіру үшін ғибадатхана салуда рұқсат беретін айқын стандарттар керек. Мәселен ғибадатхана салуға ниетті азаматтарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ермекбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда 3601 мешіт бар, бірақ оның 84-і қаңырап бос тұр.
"Бұл процесті жүйеге келтіру үшін діни ғибадатханаларды салуда рұқсат беретін айқын стандарттар болуы керек. Соның ішінде жаңадан құрылыс салуға ниетті азаматтарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Мысалы, ғибадатхана салудың жаңа үлгілік ережелерін енгізу керек", — деді ведомсто басшысы.