Министр жекеменшік БАҚ-та істейтін журналистерге неліктен жәрдемақы төленбегенін түсіндірді

0
1 030

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов түсіндірді.


Министр жекеменшік БАҚ-та істейтін журналистерге неліктен жәрдемақы төленбегенін түсіндірді

ERNUR.KZ. Үкіметтің баспасөз орталығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жекеменшік БАҚ-та істейтін журналистерге неліктен әлеуметтік төлем төленбегенін түсіндірді, деп жазады baq.kz.

Жекеменшік БАҚ Президенттің тапсырмасы бойынша коронакризиске байланысты салықтан босатылды. Біздің әріптестеріміз «декретке» шыққанда Еңбек министрлігі төлемді толық көлемде төлемегені анықталды. Неге төлем уақытында төленбей, заңға тиісті өзгерістер енгізілмеді деп журналист сауал жолдады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов былай деп жауап берді:

Өткен жылы шілде айында Салық Кодексіне өзгерістер енгізілді - БАҚ саласындағы ұйымды тиісті төлемдер салығын төлеуден босату бөлігінде. Осы жерде сақтандыру жағдайындағы әлеуметтік төлемдерге байланысты айтқым келетіні, ол заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында төленеді, - деді министр.

Айтуынша, заңнаманы өзгерту бөлігінде ілеспе өзгерістер дер кезінде қабылданбаған.

Сондықтан қазір бізде бұл жәрдемақыны төлеуге негіз жоқ. Алайда қызметкерлер бұл жағдай бойынша зардап шекпеуі керек. Қазір Еңбек министрлігі АҚДМ-мен бірлесіп, тиісті түзетулер әзірлеп жатыр, жыл соңына дейін осы өзгерістерді енгіземіз, - деп толықтырды Серік Шәпкенов.