Министрлік екі мегаполисте салынатын ғылыми-инновациялық клиникалар құрылысы туралы айтты

0
512

​Клиникалар JCI халықаралық аккредиттеу стандарттарына сәйкес келіп, Қазақстан медицинасының флагманы болады.


Министрлік екі мегаполисте салынатын ғылыми-инновациялық клиникалар құрылысы туралы айтты

ERNUR.KZ. Елде денсаулық сақтау министрлігінің 200 төсектік Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және 300 төсектік Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

"Мемлекет басшысы қысқа мерзімде құрылысты аяқтап, екі заманауи көпбейінді емхананы пайдалануға беруді тапсырды. Клиникалар JCI халықаралық аккредиттеу стандарттарына сәйкес келіп, Қазақстан медицинасының флагманы болады", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласындағы 200 төсекке арналған Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы қызметінің негізгі бағыттары стационарлық көмек, санитариялық авиация, клиникалық-диагностикалық және консультациялық-диагностикалық көмек болады. Ол Қазақстан Республикасы мен астана тұрғындары үшін шұғыл медицина бойынша негізгі медициналық орталыққа айналады.

Алматы қаласындағы 350 төсектік Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығы негізгі бағыты инфекциялық бейіндегі өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету үшін инфекциялық аурулар жөніндегі үйлестіру орталығы болады, сондай-ақ инфекциялық аурулар, туберкулезді қоса алғанда, тыныс алу ағзалары аурулары бойынша, сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің ұлттық есебін жүргізеді.
Клиникаға Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан-Ресей медицина университетінің инфекциялық, терапиялық, хирургиялық бейіндер кафедралары үшін клиникалық база болады.
АТАЛҒАН НЫСАНДАРДА ҚАНДАЙ ЖҰМЫС АТҚАРЫЛДЫ?
Министрлік хабарлауынша, екі клиника бойынша "Мемлекеттік сараптама" РМК - ның конструктивті шешімдер біріншіші кезеңі бойынша оң қорытындысы алынды. Сондай-ақ, екінші кезеңнің жобалық шешімдері әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін жіберілді.
Негізгі блоктардың қаңқасы тұрғызылды. Шатырды, қасбеттерді монтаждау, ішкі қабырғалар мен қалқаларды орнату, едендерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ішкі инженерлік желілерді (желдету, электр қуаты, су құбыры және кәріз) орнату жұмыстары жалғасуда.