Министрлік Ермекбаевтың Арыстағы жарылысты неге "табиғи нәрсе" деп айтқанын түсіндірді

0
898

Қорғаныс министрлігі Нұрлан Ермекбаевтың Арыстағы жарылысты "табиғи нәрсе" деп атауын лингвистикалық тұрғыдан түсіндірді.


Министрлік Ермекбаевтың Арыстағы жарылысты неге

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаева Арыстағы жарылыстың себебі "табиғи құбылыс" деген жоқ, деп мәлімдеді ақпарат және коммуникациялар департаменті бастығы Данияр Әлжанов. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайты жазады.

"Министр: "... бұл табиғи нәрсе, әрбір арсеналдың қауіптері бар..." — деп айтқан видеоға қатысты сұрақтар түсіп жатыр. Оның сөзі "арсеналдың жарылу себебі – табиғи құбылыс" деп қате аударылып кетті. Дұрыс аударғанда, "табиғи нәрсе" "қалыпты жағдай" деген мағынаны білдіреді, сонда министрдің не айтқысы келгенін түсінеміз", - деп жазды қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы.


Әскери қызмет пен арсеналдан келетін белгілі бір қауіп-қатер бар, бұл – қалыпты дүние, деп жалғастырды Әлжанов. Ол тергеу бітпейінше ешкім алдын ала қорытынды шығармайтынын атап өтті.

"Біз қорғаныс министрінен кейін тағы да қаза тапқан үш адамның отбасына көңіл айтамыз (олардың екеуі – әскери қызметкерлер). Болған жайтқа қатты өкінеміз және арсенал жарылысы салдарынан зардап шеккендердің бәріне жанымыз ашиды", - деді Әлжанов.

Бұдан бұрын қорғаныс министрлігі Арыстағы жағдай үшін кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқ екенін мәлімдеген болатын. Содан соң Ермекбаев қалаға барып, оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстарын тексерді.