Министрлік Kaspi банк оқиғасына қатысты түсініктеме берді

0
727

​Министр екінші деңгейлі банктердің тұрғындар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қарастырылғанын атап өтті.


Министрлік Kaspi банк оқиғасына қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Бір банктегі ақаулық саладағы қауіпсіздіктің нашар екенін білдірмейді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Ведомство басшысына журналистер: "Kaspi.kz банкінде болған ақаулық қауіпсіздіктің осал екенін білдіре ме? Ақауға не себеп болды? деген сауал қойды.

Мусин бұл жеке ақпарат жүйесі екенін жеткізді. Оның айтуынша, министрлік жеке мәліметтердің заңсыз қолданылуына байланысты нақты шағым түссе ғана жағдайға араласады.

"Құзыретімізге байланысты ақпарат қауіпсіздігі бұзылған жағдайда ғана араласа аламыз. Қазіргі уақытта жеке мәліметтер ұрланып, ел азаматтарына зияны тигені туралы мәлімет жоқ. Сондықтан біз тексеріс жүргізген жоқпыз", - деді Мусин.

Ол мұндай мәселемен министрліктің ақпарат қауіпсіздігі комитеті айналысатынын еске салды.


"Егер қандай да оқиғалар болатын болса, біз араласамыз. Бір банктегі ақаулық салада қауіпсіздіктің осал екенін білдірмейді деп есептейміз", - деді Мусин.


Министр екінші деңгейлі банктердің тұрғындар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қарастырылғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, сәрсенбі күні Kaspi.kz қосымшасында ақаулық болды. Бірнеше сағат бойы сервис қолжетімсіз болып қалды. Клиенттердің есепшотындағы сома дұрыс көрсетілмеді.