Қазіргі уақытта Қазақстанның 15 министрлігінде жауапты хатшы бар.
ERNUR.KZ. Жауапты хатшының айлық жалақысы 685 мыңнан басталып, 830 мың теңге аралығын құрайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп жазады zakon.kz.
Министрлікке қарасты жауапты хатшы лауазымындағылардың жалақысы бүгіндері орташа есеппен 685 мың теңгені құрайды. Ал еңбек өтіліне байланысты айына 815-830 мың теңгеге дейін арасында алатындар да бар, - деді ол.
Үкімет басшысының орынбасары жұмыстан шығарылған жауапты хатшылардың мәселесін министрліктердің басшылары мен Президент шешетіндігін айтты.
Қазіргі уақытта Қазақстанның 15 министрлігінде жауапты хатшылар бар.