​Мобильді аударымдар: Биылдан бастап жеке кәсіпкерлер нені ескеруі керек

0
178

Қолданыстағы ереже бойынша, кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның шотына жасалған мобильді аударым саны қатарынан 3 ай бойы 100-ден асса, салық органы оны (кәсіпкерлік әрекетпен айналысып жүрген-жүрмегеніне көз жеткізу үшін) өз бақылауына алады.


​Мобильді аударымдар: Биылдан бастап жеке кәсіпкерлер нені ескеруі керек

Коллаж: Kazinform

ERNUR.KZ. Биылдан бастап екінші деңгейлі банктер мобильді аударымдары тиісті шектен асқан жеке кәсіпкерлер туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайтын болады, деп жазады inform.kz.

— ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы № 323 бұйрығына сәйкес, банктер қатарынан үш ай бойы әр ай сайын 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алған жеке тұлға жайлы мәліметті жолдайды. 2025 жылдан бастап 2024 жылдың қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары туралы ақпаратты ұсынатын болады. Бұл шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды, - деп мәлім етті МКК мамандары.

Банктерге мәліметті мемлекеттік органға жолдау талабы кезең-кезеңімен енгізіліп келеді:
2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, оған теңестірілген жандар және олардың жұбайлары
2024 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік субъектілердің жұмысшылары және олардың жұбайлары
2025 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар басшылары және олардың жұбайлары
2026 жылдан бастап елдегі басқа да азаматтар бойынша мәліметтер жолданатын болады.
Не өзгеруі мүмкін?
Қолданыстағы ереже бойынша, кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның шотына жасалған мобильді аударым саны қатарынан 3 ай бойы 100-ден асса, салық органы оны (кәсіпкерлік әрекетпен айналысып жүрген-жүрмегеніне көз жеткізу үшін) өз бақылауына алады.
Алайда бұл норма қолданыстағы Кәсіпкерлік туралы кодекске сай келмейді. Кодекстің 35-бабы 2-тармағы 2-тармақшасында ең төменгі айлықтың (85 мың теңге) 12 еселенген мөлшерінен асатын табыс тапқан жеке тұлғаны салық органы дара кәсіпкер ретінде танып, есепке қоя алатыны айтылған.
«100 аударым» қағидаты мен Кәсіпкерлік кодекстің талабын біріздендіру үшін осы 35-баптағы 2-тармақтың 2-тармақшасын өзгертіп жазу көзделіп отыр.
Оның жаңа редакциясы мынандай болмақ:
«1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғадан банк шотына жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан асатын ақша қаражатын алуы» деп өзгерту ұсынылды (3 ЕТЖ - 255 мың теңге)».
Бұл ереже әзірше Ұлттық банктің қарауында. Ол енгізілсе, ендігі жерде үш ай қатарынан әр айда жасалған 100 аударым сомасы 255 мың теңгеден асып отырған жағдайда ғана кәсіпкер ереже бұзған болып саналады.
Жаза басқан кәсіпкерге жаза бар
Заң бойынша, кәсіпкерлік қызметпен оны тіркеместен айналысқан жеке азаматтарға салынатын айыппұл мөлшері - 15 АЕК (2025 жылы 1 АЕК – 3 932 теңге), яғни 58 980 теңге. Бұл заң бұзушылық қайталанған жағдайда - 30 АЕК, яғни 117 960 теңге айыппұл салынады.
Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 275-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, салық төлеуші салық салу объектілерін жасырып қалған жағдайда, сол жасырылған салық сомасының 200 пайызы мөлшерінде айыппұл тағайындалады. Бұл жағдай бір жыл ішінде қайталанса, төленбеген салық сомасының 300% мөлшерінде айыппұл салынады.
Кәсіпкер чек беруді бірінші рет ұмытып кеткен жағдайда жай ғана ескертумен құтылады. Бір жыл ішінде мұндай олқылық қайта жасалса, 30-дан 40 АЕК-ке дейін (117 960 – 157 280 теңге) айыппұл арқалайды.
Еске салсақ, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Kazinform сауалына жолдаған жауапта елдегі қайырымдылық қорлары бір жылда бюджетке қанша салық төлегенін мәлім еткен еді.