Өмірзақ Шөкеев жанар-жағармайдың қымбаттайтындығын айтты

0
1 307

Жанар-жағармайға келер болсақ, 1 маусымнан бастап барлығымызға белгілі акциз күшіне енеді. Баға көтеріледі деген сөз.


Өмірзақ Шөкеев жанар-жағармайдың қымбаттайтындығын айтты

Облыс әкімшіліктері тыңайтқышты субсидиялауға арналған қаражат көлемін ұлғайту қажет. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көктемгі егістік жұмыстары барлық өңірде кестеге сай жүргізіліп жатыр. Сондықтан әкімдіктерге өтініш, қолдағы барлық техниканы жұмылдырып, себу жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау қажет деп ойлаймын. Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету процесі толықтай автоматтандырылған. Сол жүйеде қазір өтінім, сұраныс 21 млрд теңгені құрап отыр. Ал облыстарда қарастырылған қаржы - 17 млрд теңге», - деді ол.

Осы ретте, Үкімет басшысының орынбасары әкімшіліктер тыңғайтқышты субсидиялауға арналған қаражат көлемін ұлғайтуы, Ақмола облысының әкімдігі субсидия нормаларын бекітуді тездетуі қажет екендігін баса айтты.

«Жанар-жағармайға келер болсақ, 1 маусымнан бастап барлығымызға белгілі акциз күшіне енеді. Баға көтеріледі деген сөз. Сондықтан мамыр-маусымға жоспарланған көлемді осы айдың соңына дейін алу қажет. Бұл барлық облысқа қатысты. Осы мәселелерді бақылауға алатын болсақ, көктемгі егістік жұмыстарын табысты өткіземіз деп ойлаймын», - деді Өмірзақ Шөкеев.