Мүгедектігі бар адамға күтім көрсететін жеке көмекшінің қызметіне төленетін ақы мөлшері өседі

0
469

Құжат 24 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.


Мүгедектігі бар адамға күтім көрсететін жеке көмекшінің қызметіне төленетін ақы мөлшері өседі

ERNUR.KZ. Мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсететін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне төленетін ақы мөлшері өседі, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,6 пайызы есебінен айқындалады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Еңбек және халықты әлемеуметтік қорғау министрінің бұйрық-жобасында.

Құжатқа сай, енді ақы төлеу мына тәртіппен есептеледі:

- кепілдік берілген сома = айлық есептік көрсеткіш 13,6%.

«ҚР Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес кепілдік берілген сомадан міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеуге шығыстар ұсталады. Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері қызмет көрсетудің нақты уақыты үшін, бірақ Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес күніне 8 сағаттан асырмай жүргізеді. Жеке көмекшінің 1 сағатта көрсететін қызметтеріне ақы төлеуді есептеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,6 пайызының есебі негізге алына отырып жүргізіледі», - деп жазылған бұйырықта.

Айта кетейік, қолданыстағы талапқа сай, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне кепілдік берілген сома айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 12 пайызы есебімен айқындалады. Енді ол 1,6%-ға өсіп отыр.

Құжат 24 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.