Мұғалімдердің жалақысы қаңтарда тағы 25%-ға өседі

0
617

1 қарашада Үкімет отырысында білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы бекітілді.


Мұғалімдердің жалақысы қаңтарда тағы 25%-ға өседі

ERNUR.KZ. Президенттің қолдауының арқасында педагогтердің жалақысы 2023 жылғы қаңтарда тағы 25 пайызға артады. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Президенттің қолдауының арқасында педагогтердің жалақысы 2023 жылғы қаңтарда тағы 25 пайызға артады. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін сертификаттау енгізілді. Яғни енді жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз, міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет», - деген еді министр бұған дейін.

Жалпы биыл республикалық бюджеттен мұғалімдердің жалақысын көбейтуге, оларға біліктілік санаттары, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге және дене шынықтыру мұғалімдерінің сабақтан тыс сабақ өткізуіне 1,2 трлн теңге (2,5 млрд доллар) бөлінді.

Естеріңізге сала кетсек, 1 қарашада Үкімет отырысында білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы бекітілді. Биыл жылдың басында мұғалімдер жалақысы 25 пайызға өскен болатын.