Мұғалімдерге төленетін қосымша үстемақы алынып тасталады деген мәлімет жалған - министрлік

0
1 322

Министрлік осыған қатысты түсінік берді.


Мұғалімдерге төленетін қосымша үстемақы алынып тасталады деген мәлімет жалған - министрлік

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желіде тараған мәліметті жоққа шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдерге берілетін қосымша төлем алынып тасталатыны жайлы ақпарат тарады.

Министрлік осыған қатысты түсінік берді.

«Осындай шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратып жатқандар бар. Қосымша төлемдер бұрынғыдай төлене береді. Сонымен қатар 2023 жылғы қаңтардан бастап ел Президентінің тапсырмасы бойынша жалақы 25%-ға өседі, сәйкесінше лауазымдық жалақыға байланысты төлемдер де пропорционалды түрде өседі» деп мәлім етті ведомстводан.