Тазабеков "Асыл арна" телеарнасының жабылатынын, арна алдағы уақытта діни бағытта хабар таратпайтынын баса айтты.
Алматыда 3 қараша күні өткен Ғұламалар Кеңесінің XXVII кезектен тыс отырысына қатысқан «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков үш мәселе бойынша өз пікірін жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ең бірінші "Асыл арна" телеарнасының жабылатынын, арна алдағы уақытта діни бағытта хабар таратпайтынын баса айтты. Екіншіден Діни басқарманың төл телеарнасы "Халық арнаға" қолдау білдірді. Қоғамның сұранысына сай көрерменге діни-рухани мазмұнда ақпар беретін арнаның ашылуына Бас мүфтидің еңбегі орасан екеніне тоқталды.
Ол бұған дейін көпшілік арасында күмән тудырған діни сеніміне қатысты да өз ойларын жеткізді.