Мүлікті заңсыз иеленген: "Теміржолсу-Маңғыстау" есепшісі ұсталды

0
514

Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған.


Мүлікті заңсыз иеленген:

ERNUR.KZ. Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен "Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына Серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды.
Мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты ол жеке қажетттіліктеріне жұмсаған. Бас есепшінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан Серіктестікке аса ірі мөлшерде 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген.
Тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.