Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді

0
263

Жол картасын ҚР Үкіметі бекітті.


Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді

Энергетика министрлігі шикізатпен қамтамасыз етуден бастап түпкілікті өнім шығаруға дейінгі іс-шараларды қамтитын «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасын» әзірледі. Құжаттың мақсаты – мұнай-газ химиясы саласын дамыту және осы саладағы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол картасының ережелерін орындау шеңберінде мынадай нәтижелер көзделген:

  • Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемін 2023 жылғы 357,8 мың тоннадан 2030 жылға қарай 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту;
  • Мұнай-газ химиясында іске асырылатын және жаңа жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету;
  • 14,7 млрд АҚШ доллары сомасына инвестициялар тарта отырып, шамамен 3,5 мың тұрақты және 16 мың уақытша жұмыс орнын құра отырып, алты жобаны іске асыру;
  • Мұнай-газ химиясы жобалары үшін «ҰИМХТ» АЭА аумағында қажетті инфрақұрылым салу;
  • Мұнай-газ-химия саласының өнімдерін өткізу нарықтарын қамтамасыз етіп, ішкі тұтынуды ынталандыру;
  • Ғылыми базаны, адами капиталды жетілдіру, сондай-ақ тиісті нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды қабылдау есебінен саланы дамыту үшін жағдайлар жасау.

Жол картасын ҚР Үкіметі бекітті.