​Мұнай өңдеу зауыттары жекеменшікке берілмейді - Ақкенженов

0
95

Мұнай өңдеу зауыттары табысы өте жоғары кәсіпорын.


​Мұнай өңдеу зауыттары жекеменшікке берілмейді - Ақкенженов

Фото: Энергетика министрлігі

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының жекешелендірілетініне қатысты мәліметті жоққа шығарды, деп жазады inform.kz.

- Адамдар, кейбір сарапшылар белгілі бір мемлекеттік активтің тым арзанға сатылатыны жайында айтқаны қатесуге алып келеді. белгілі бір активті бағалаудың бірнеше тәсілі бар. Тәсілдердің бірі – бұл мүліктің шынайы құны. Екіншісі – EBITDA экономикалық көрсеткіш анықтамасы, көбейтілген коэффициенті. Сондықтан аталған активтер тым арзанға сатылады деу дұрыс емес, - деді министр.

Оның айтуынша, мұнай өңдеу зауыттары табысы өте жоғары кәсіпорын. Қазір «ҚазМұнайГаз» компаниясы арқылы мемлекет олардың акционері саналады және дәл бүгінде оларды сатуды жоспарлап отырған жоқ.
- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аталған активтерді өздерінің қызметтеріне орай жекешелендіру картасына қойды. Яғни, олар бүгінде мұнай өңдеу секторының толығымен мемлекет қолына шоғарланғанын көріп отыр. Агенттіктің негізгі қызметі – мұндай бәсекелестікті дамыту. Сондықтан да олар дұрыс бәсекелестік тұрғысында экономикамыздың түрлі секторы дамуы үшін бәрін жасайды. Бірақ, бұл аталған активтерді мемлекет сататынын білдірмейді, - деді Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін министр Шымкент мұнай өңдеу зауытын 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін, Атырау мұнай өңдеу зауытын 5,5 млн тоннадан 6,7 млн тоннаға дейін және Павлодар мұнай-химия зауытын 5,5 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін кеңейту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатқанын айтты.