Мұнай тағы қымбаттады

0
651

Инвесторлар өткен аптаның қорытындысы бойынша АҚШ-та мұнай қорының қысқарғанын бағалап жатыр.


Мұнай тағы қымбаттады

ERNUR.KZ Сәрсенбіде мұнай бағасы алдыңғы сессиядағы қалыпты төмендеуден кейін қайта көтерілді, деп жазады sputnik.kz

Инвесторлар өткен аптаның қорытындысы бойынша АҚШ-та мұнай қорының қысқарғанын бағалап жатыр.

Сәрсенбінің таңында Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 116,7 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылу кезіндегі бағадан 1,12 долларға (1,06%) жоғары.
Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электронды саудасында мамыр айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы қазір бір баррелі үшін 110,38 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның қорытынды мәнінен 1,11 долларға (1,02%) жоғары.
Өткен күннің кешінде жарияланған Америка мұнай институтының (API) деректері өткен аптада АҚШ-та мұнай қорының 4,3 миллион баррельге азайғанын көрсетті. Ал сарапшылар орташа есеппен мұнай қоры өседі деп күткен еді.
Мұнай нарығына қатысушылар әлі де Украинадағы жағдайға және Ресейге қарсы санкциялар, соның ішінде Еуропаның ресейлік мұнайдан бас тартуы ықтималдылығына баса назар аударып отыр.