"Мұндай адамдарды қалай тыңдауға болады?": Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев қарсыластарын сынға алды

0
790

Тоқаевтан өзгені бақталас санамайтынын айтып, саяси бәйгедегі қарсыластарын сынап өткен.


ERNUR.KZ. "Өзгелер секілді бос ұрандатып жүргенім жоқ!" Сайлау жақындаған сайын кандидаттар саяси аламанның көрігін қыздыруда. Өзін президенттікке оппозициядан ұсынған жалғыз үміткер санайтын Нұрлан Әуесбаевтың әлеуметтік желіге салған мәлімдемесі елді елең еткізді, деп жазады Stan.kz.

Тоқаевтан өзгені бақталас санамайтынын айтып, саяси бәйгедегі қарсыластарын сынап өткен. Тек қазіргі президенттің халықтық коалициядан сайлауға қатысуын жөн санамайтынын жеткізді.

Ал "Ауыл" партиясының үміткері Жигули Дайрабаевты партияға мүше емес, дейді Әуесбаев. Тіпті саяси додадан шетте жүрген Азат Перуашев пен Ермұхамет Ертісбаевты да сөзбен түйреп өтті.

Шындығын айтқанда, үміткерге лайықты қарсылас тек Тоқаевтың өзі ғана. Мысалы, Перуашевты алайық, ол халыққа не істеді? Өзі 500 шаршы метр сарайда тұрады. Ертісбаевты алайық. Мүлдем айтуға тұрмайды. Сонда осындай адамдарды тыңдап, осылардың айтқанымен жүруіміз керек пе?! Жоқ, әрине. Мен бұл жайында ашық айтудан қорықпаймын”, – деді ҚР президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев.