Мұзда ойнап жүрген: Қостанай облысында екі кішкентай бала көз жұмды

0
1 048

Екі бала көз жұмды, үшіншісі ауруханаға жеткізілген. Оларды құтқармақ болған 65 жастағы ер адам да ауруханада жатыр.


Мұзда ойнап жүрген: Қостанай облысында екі кішкентай бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы Жітіқара ауылында бес және алты жасар екі бала мұздың астына түсіп кетіп, көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 10 қараша күні сағат 16:25-те болған.
Жасанды су қоймасында ойнап жүрген үш бала тереңдігі екі метр суға түсіп кетті.
"Полиция қызметкерлері балаларды жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Ауруханада дәрігерлер 2013 және 2014 жылы туған екі баланың көз жұмғанын айтты ", - деп хабарлады ведомство.
Сегіз жасар бала дәрігерлер бақылауында.
Сондай-ақ, балаларды құтқармақ болған куәгер - 65 жастағы ер адам да ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы орта дәрежеде екенін айтты.
Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді. Желтоқсан айына дейін мұзда ойнаудың қауіпті екенін атап өтті.