2021 жылдың 5-7 ақпанда Египетте Қазақстан-Мысыр сауда-инвестициялық бизнес-форум өтті.
ERNUR.KZ. Мысыр мен Қазақстан компаниялары бірқатар экономикалық құжатқа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.
2021 жылдың 5-7 ақпанда Египетте Қазақстан-Мысыр сауда-инвестициялық бизнес-форум өтті. Оған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Қазақстанның Мысырдағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф, Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасары Тарик әл-Уасими, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы, генерал Халед Фуда, Мысыр сауда палаталары федерациясының басшысы Ибрахим әл-Араби қатысты.
Сонымен қатар қазақстандық делегацияның құрамында 60-тан аса отандық компания мен мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өкілдері, ал Мысыр тарапынан 200-ден аса бизнес өкілі болды. Бизнес-форум барысында Қазақстан мен Мысыр компаниялары бірқатар экономикалық құжатқа қол қойды.
«Қазақстандық компаниялар Мысыр нарығына 1 млн дана көлемінде бөтелкедегі суды жеткізу (болашақта оның көлемі 3 миллионға дейін жетуі мүмкін), отандық кәсіпорын негізінде фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді шығару, Қазақстан аумағында мыс кен орнын сатып алу туралы уағдаласты», - делінген хабарламада.