"Науқастар бір препаратты 150 мыңға алуға мәжбүр": Депутаттар коронавирусқа қарсы дәрі тапшылығына наразылық білдірді

0
344

Коронавирустың үшінші толқыны басталған кезде емханалар мен дәріханаларда арнайы препараттардың тапшылығы байқалып отыр, дейді дипутаттар.


ERNUR.KZ. “Ақ жол” партиясының депутаттары емханаларда “Ремдесивир”, “Тоцилизумаб” сынды коронавирусты емдейтін препараттар болмағандықтан, науқастың туыстары қымбаттық дәрілерді өздері алуға мәжбүр екенін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

“Коронавирустың үшінші толқыны басталған кезде емханалар мен дәріханаларда арнайы препараттардың тапшылығы байқалып отыр. Инфекциялық стационарларда коронавирустың аса ауыр түрімен ауыратын науқастарға арналған “Ремдесивир”, “Тоцилизумаб” сынды препараттардың тапшылығы байқалуда. Нәтижесінде науқастардың туыстарынан бұл препараттарды сатып алуға мәжбүр. Алайда “Ремдесивир” препаратының бір флаконы 30-40 (7-10 флакон қажет) мың теңге болса, “Тоцилизумаб” препаратының бір флаконының құны 150(5-6 флакон қажет) мың шамасында. Барлық отбасының мұндай бағадағы препаратты алуға жағдайы жете бермейді. Оған қоса, бұл тіпті үлкен қалалардағы дәріханаларда өте тапшы препарат”, – дейді партия өкілдері.

Олар министрліктен ақпаратқа қатысты түсінік беруді сұрады. Егер ақпарат расталса, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау қажеттігін алға тартты.

“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біріңғай дестрибьютер “СҚ Фармация” коронавирустан емдейтін дәрілердің екі айлық запасын дайындауы қажет еді. Емханадағылар препараттар жеткізілетінін алға тартты. Алайда денсаулық сақтау министрлігі тамыз айына арнайы болжам жасаған болатын. Дегенмен, алдын ала дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылмаған. Сіздерден мәселені шешулеріңізді сұраймыз”, – деп жазды депутаттар.