Наурыз айында елімізде ет бағасы қымбаттады

0
677

Наурыз айында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің баға индексі – 99,1%, өсімдік шаруашылығы – 98,8%, мал шаруашылығы – 99,9% құрады.


Наурыз айында елімізде ет бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. Қой мен ірі қара мал – 0,4%-ға, жылқы – 0,3%-ға қымбаттады, деп жазады inbusiness.kz.

Наурыз айында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің баға индексі – 99,1%, өсімдік шаруашылығы – 98,8%, мал шаруашылығы – 99,9% құрады.

Өсімдік шаруашылығынан жылыжай қияры – 19,7%-ға, бидай – 2%-ға, картоп, мал азықтық дақылдар – 1,1%-ға, тары – 0,6%-ға, кептірілген жасымық – 0,4%-ға баға төмендеді. Жылыжай қызанақтарының өндіруші бағасы 3,1%-ға, ас қызылшасы мен сұлы 0,4%-ға өсті.

Мал санатында наурызда өндіруші баға құс еті 4,1%-ға, шошқа 1,4%-ға төмендеді. Жұмыртқа 3,5%-ға, шикі сүт – 1%-ға, қой мен ірі қара мал – 0,4%-ға, жылқы – 0,3%-ға өсті.

Наурыз айында мал шаруашылығы санатында өндірушілердің бағасы құс етіне – 4,1%-ға, шошқаға – 1,4%-ға төмендеді. Жұмыртқа – 3,5%-ға, шикі сүт – 1%-ға, қой мен ірі қара мал – 0,4%-ға, жылқы – 0,3%-ға қымбаттады.