Наурыздан бастап ескі телефондарда WhatsApp істемейді

0
280

WhatsApp-та жаңа өзгерістер пайда болады.


Наурыздан бастап ескі телефондарда WhatsApp істемейді

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Наурыздан бастап WhatsApp мессенджері көптеген смартфондарда істемейді. Әзірлеушілер қандай телефондар енді мессенджерді көтере алмайтынын айтты, деп жазады stan.kz.

WhatsApp-та жаңа өзгерістер пайда болады. Соның кесірінен жаңа функциялар мен жаңартуларды ескі операциялық жүйелер көтере алмайды. Енді WhatsApp-ты көтермейтін құрылғылар тізімінде iPhone-ның бірнеше ескі үлгілері, соның ішінде iPhone 6 және iPhone 6 Plus бар.

"IOS-тың бұрынғы нұсқалары бар модельдер WhatsApp-сыз қалады. 5 мамырда мессенджердің сол құрылғыларда қызметі тоқтайды. Қолданба қазір iOS 12 немесе одан кейінгі нұсқасы бар iPhone құрылғыларында жұмыс істейді. WhatsApp 15.1 нұсқасынан төмен iOS нұсқасы бар үлгілерде де жұмысын тоқтатады", – деп хабарлады Meta.

10 наурыздан бастап WhatsApp қай смартфондарда жұмысын тоқтатады:

  • Samsung Galaxy S3;
  • Samsung Galaxy Note 2;
  • Motorola Moto G;
  • HTC One X;
  • LG Optimus G;
  • Nexus 4;
  • Sony Xperia.

Қолданбадағы ақпаратты сақтау үшін алдымен деректердің сақтық көшірмесін жасап, ақпаратты жаңа гаджетке тасымалдау керек.