Қазір Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы осындай сертификатқа ие Қазақстандағы жалғыз әуежай.
ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуроодақ сертификатын алды, деп жазады baq.kz.
Елордалық әуежай Еуропалық Одақ елдерінің аумағына авиациялық жүк тасымалдарын жеңілдетілген ұйымдастыру үшін қажетті шарт болып табылатын RA-3 (Regulated Agents Third country) сертификатын ресімдеу процесін аяқтады.
Сертификат кез келген авиакомпанияларға авиациялық қауіпсіздік бөлігінде қандай да бір шектеусіз астаналық әуе айлағы арқылы ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын береді. RA-3 сертификаты сонымен қатар елордалық әуежайдың жүк терминалында жүктерді өңдеу процесі жүктердің барлық түрлері үшін Еуропалық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетінін растайды.
RA-3 мәртебесінің болуы көріністі толығымен өзгертеді: осы сәттен бастап ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын барлық әуетасымалдаушылар автоматты түрде пайдалана алады. Бұл кез келген (соның ішінде Еуропалық) әуекомпанияларға елордалық әуе қақпалары арқылы операцияларды еркін орындауға мүмкіндік береді, - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.
Қазір Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы осындай сертификатқа ие Қазақстандағы жалғыз әуежай.