Назарбаев біркүндік жалақысын Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына аударды

0
1 020

Бұған дейін зардап шегушілерге президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Nur Otan партиясы, премьер-министр кеңсесі, бірнеше министрлік пен орталық органдардың қызметкерлері көмек көрсеткен болатын.


Назарбаев біркүндік жалақысын Арыс тұрғындарына көмек көрсету қорына аударды

ERNUR.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылыстар кезінде зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Елбасы мен Тұңғыш президент кеңсесінің қызметкерлері өздерінің біркүндік жалақыларын тиісті қорға аударды. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықты жерлестеріміздің қайғысы мен болған трагедияға бей-жай қалмауға шақырады", - деп жазды ҚР тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында.