Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады

0
1 086

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлады.


Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады

ERNUR.KZ. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың әкіміне бас қаламызды одан әрі дамыту үшін зор жауапкершілік жүктелгенін атап өтті, деп жазады egemen.kz.

– Кез келген мемлекеттің астанасы ел және үкімет басшылығының жіті назарында болады. Елорда әкіміне зор жауапкершілік жүктеледі. Еліміздің қонақтары, ең алдымен, Қазақстанның астанасына келеді. Бас қаланың даму деңгейіне қарап, жалпы мемлекеттің даму барысын бағалауға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елорданың жаңа әкімінің жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін іскерлігі мен тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті.

– Ел басшылығы және Үкімет Сіздің жұмысыңызға қолдау көрсетеді. Көп жұмыс атқарылуға тиіс. Елорда тұрғындары тарапынан қала басшылығына әрдайым жоғары талаптар қойылады, – деді Елбасы.

Алтай Көлгінов бас қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту үшін атқарылатын жұмыс туралы айтты.

– Қазіргі уақытта қаланы дамыту үшін қабылданған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өсім деңгейін одан әрі қамтамасыз ету мақсатымен берілген барлық тапсырмалар орындалып жатыр. Экономикалық көрсеткіштер жақсы. Шағын және орта бизнес, сондай-ақ өндіріс көлемі артып келеді, – деді Елорда әкімі.