Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.
сурет:iranrussia.com
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.