Назарбаев тағы бір маңызды жиын өткізеді

0
700

​Бұған дейін Елбасы Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын.


Назарбаев тағы бір маңызды жиын өткізеді

ERNUR.KZ. 5 наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Айта кетсек, 18 наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда партияның 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланады.

Бұған дейін Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын. Тұңғыш президентке партия активінің сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмыс пен саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық туралы есеп берілді.