Несие беру талаптары жеңілдейді – министр

0
726

Қазақстанда жеңілдетілген несие беру талаптары жеңілдейді.


Несие беру талаптары жеңілдейді –  министр

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлерге жеңілдік жасалатынын айтты, деп жазады aikyn.kz.


Қазір кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша 6%-пен несие алып жүр.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі – 5 жыл.

«Қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие сомасы шектелмейді. Ал субсидиялау мерзімі – 10 жыл», – деді министр.

Оның айтуынша, кепілдік беру талаптарын жеңілдету тиімді болмақ. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша кепілдіктер қарыз сомасының 85%-ын құрауы мүмкін. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша кепілдік несие сомасының 50%-іне тең болмақ.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл шағын және орта бизнеске қызмет түріне қарамастан, бағдарламаға қатысушы болуға және жеңілдетілген қаржы алуға мүмкіндік береді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша тауарлар мен қызметтер тізімі айтарлықтай кеңейтілді. Осы бағдарлама бойынша несиелеудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды», – деді ол.

Сондай-ақ министр Ұлттық банк шағын және орта бизнеске, оның ішінде, жеке кәсіпкерлерге салалық шектеусіз жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосқанын айтып өтті.

«Несие айналым қаражатты толықтыруға 1 жылға 8%-бен беріледі. Бұл бағдарламаға 600 млрд теңге бөлінеді. Жалпы, несиелеуді ұлғайту үшін көптеген шектеулер алынды. Тетіктер жеңілдетіліп, қаражат көлемі ұлғайтылды», – дейді Ұлттық экономика министрі.