Әуе кемелері ауа райының қолайсыздығынан көкке көтеріле алмаған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әуежайында боранға байланысты 38 авиарейс кешіктіріліп, 11 әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әуе кемелері ауа райының қолайсыздығынан көкке көтеріле алмаған. Оның бірқатары – халықаралық рейс. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақтардың басқа қалалардан кеш келуі және баратын әуежайдағы нашар метеожағдайлар себебінен ұшып келуі тиіс 22 рейс кешігіп жатыр. Желдің екпіні – секундына 20 метр. Еліміздің бірқатар өңірінде де осындай ауа райы сақталып отыр.