Нұр-Сұлтан қаласы қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу әдісі бойынша республикада алға шықты

0
3 501

Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату немесе өңдеу мәселесі қазір өзекті болып отыр.


Нұр-Сұлтан қаласы қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу әдісі бойынша республикада алға шықты

ERNUR.KZ. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату немесе өңдеу мәселесі қазір өзекті болып отыр. Оны әр өңір өз шамасы келгенше атқарып жатыр. Ал олардың жұмысы назардан тыс қалмай, қазір арнайы бақылауда тұр, деп жазады astana.gov.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауын іске асыру бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 16-тармағына сәйкес Энергетика министрлігі еліміздің түрлі өңірінде ҚТҚ-ны (қатты тұрмыстық қалдықтар) пайдаға жарату және оны қайта өңдеудің заманауи әдістері мен технологияларын енгізудегі прогресті бағалау әдістемесін әзірлеп, бекіткенін хабарлады.

Ал әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың жұмысына арнайы баға беріледі. Ол мынадай критейлер бойынша жүзеге асырылады:

1) қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметтермен қамтылған тұрғындардың үлесі;

2) түзілу көзінен бөлек жиналған және сұрыпталған қалдықтардың үлесі;

3) пайдаға жарату және өнім алу арқылы қайта өңделген қалдықтардың үлесі;

4) полигондарда және қоқыс үйінділерінде көмілген ҚТҚ үлесі;

5) экологиялық талаптар мен санитариялық нормаларға сәйкес келетін ҚТҚ полигондарының үлесі;

6) кездейсоқ қоқыс үйінділерінің саны;

7) ҚТҚ жұмыс істеу, соның ішінде ҚТҚ жұмыс жасау саласын дамыту, елді мекендердің санитарлық жағдайы, аймақтың экологиялық заңнамасын бұзу фактілері мәселелері бойынша халықтан келіп түскен қанағаттандырылған шағымдардың саны;

8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік және өзге де көздер шеңберінде қоршаған ортаны ластағаны үшін түсімдер көлемінен жергілікті бюджет қаражаты есебінен қалдықтармен жұмыс істеу мәселелері бойынша орындалған іс-шаралар саны.

Қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта пайдалану, сондай-ақ қайта өңдеу қажет. Бұл қалдықтармен жұмыс істеудің басым әдістері болып саналады. Осы ретте қалдықтарды алдын ала өңдеусіз көму неғұрлым қолайлы болатынын айта кеткен жөн.

Әдістемеге сәйкес қорытынды бағалауды қалыптастыру мерзімі – есепті жылдан кейінгі жылдың 30 мамыры. 2019 жылдың 20 мамырындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың алдын-ала рейтингісінде Нұр-Сұлтан қаласы – 56,5 баллды алды. Әдістеме бойынша алынған бағалау нәтижеге сәйкес жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігінің дәрежесі анықталады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді.