Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апатының мән-жайы белгілі болды

0
1 013

Жеңіл әуе кемесі бос егіс алқабына құлаған


Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апатының мән-жайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Ан-2 ұшағы әуеге көтерілген кезде, электр желісі бағанасын қағып кетіп, "Родина" агрофирмасының территориясына құлады, деп жазады Sputnik.

"Ұшқан соң, биікке көтеріліп үлгермей, қанатымен электр желісі бағанасына соғылып, құлап түсті", - деп Сауэр апаттың мән-жайын айтты.

Оның айтуынша, қазір электр желісіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Химиялық өңдеу жүргізгенде үнемі осындай жеңіл ұшақтар (кукурузник) пайдаланылады, дейді Сауэр.

"Иә, бұл – біздің территория. Ұшақ пар айдайтын жерге (дақылдар егілмеген, арамшөп қаптап кетпес үшін уақытылы өңделетін жер) құлады, - деді агрофирма бастығы.

Ан-2 апаты

20 маусымда сағат 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан он шақырым жерде Ан-2 ұшағы құлады. Әуе кемесі егістік алқабында химиялық өңдеу жүргізбек болған.

Оқиға салдарынан ұшақ командирі қаза тапты. Тағы екі экипаж мүшесі ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер аса ауыр халде жатыр.