Нұр-Сұлтан мен Алматыға Қытай курорттарынан 536 турист келді

0
826

Қытайдан келгендердің 525-і Қазақстан азаматтары, ал 11-і шетелдіктер.


Нұр-Сұлтан мен Алматыға Қытай курорттарынан 536 турист келді

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта Қазақстанға қытай курорттарынан 536 турист келді. Олардың ішінде шетелдік те азаматтар бар, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және спорт министрі ұсынған ақпаратқа қарағанда, 29 қаңтар күнгі сағат 10-00-дегі деректерге сәйкес, ҚХР курорттарынан 536 турист келді.

«Оның ішінде сағат 19-50-де (28 қаңтар) Санья қаласынан Нұр-Сұлтанға Tez tour» компаниясының 295 турисі және 29 қаңтар күні сағат 00-25-те Хайкоу қаласынан Алматыға «Aeroling» компаниясының 241 турисі келді», - делінген ақпаратта.

Қытайдан келгендердің 525-і Қазақстан азаматтары, ал 11-і шетелдіктер. Шетелдіктердің барлығы да Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген.

Жолаушылардың тізімі еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне берілген. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы әуежайларының қызметкерлері ұсынған деректерге сәйкес, төтенше жағдай орын алған жоқ.

Айта кетерлігі, 29 қаңтар күні сағат 17-30-да Алматыға Санья қаласынан 236 адам келуі тиіс. Олардың 201-і қазақстандық турист.