Нұр-Сұлтан тұрғыны базарлар мен дүкендерде жалған ақша таратқан

0
988

Қылмыскер үйінде 5 және 10 мың теңгелік купюра жасап шығарған, жалған ақшаның жалпы сомасы 150 мың теңге


Нұр-Сұлтан тұрғыны базарлар мен дүкендерде жалған ақша таратқан

ERNUR.KZ. Елордада жалған ақша шығарумен айналысатын цех анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Департаменттің бірінші тергеу басқармасының басшысы Болат Қамитовтың айтуынша, ер адам техника сатып алып, үйінде жасырын цех ашқан. Осылайша, бес және он мыңдық жалған купюралар шығарып отырған. Оқиға өткен жылы болыпты.

"Ол адам жалған ақшаны дүкендер мен базарларда таратуға тырысқан. Қолға алынған шаралардың арқасында кінәлі адам ұсталды. 150 мың теңге жалған ақша айналымнан шығарылды", деді ол астанада өткен брифингте.

Айтуынша, елордалық жалған купюраларды бір ай бойы таратқан. Сот үкімімен елорда тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды.